(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ НЫСАНДЫ КИІМІ...

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 707 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 2-тарауы 15-тармағының 108) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасы, айырым белгілері, сондай-ақ оны киіп жүру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты орналастырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі полиция

генерал-лейтенанты

 

 

Е. Саденов

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2023 жылғы 27 қыркүйектегі

№ 707 бұйрығына

қосымша

 

 

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасы,

айырым белгілері, сондай-ақ оны киіп жүру

 қағидалары

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.